Үндістанда COVID-19 дертін жұқтырудың әлемдік рекорды орнады

Express Qazaqstan

© Reuters

Үндістанда кейінгі тәулікте 401 993 адам коронавирус жұқтырып, 3 523 адам қайтыс болды, бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Оныншы күн қатарынан жаңа жағдайлардың саны 300 мыңнан асып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үндістан коронавирус анықталған жағдайлар саны бойынша әлемде екінші орында. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде 19,1 миллионнан аса COVID-19 жағдайы тіркелген. 15,6 миллионнан аса адам сауығып, коронавирус пен онымен байланысты аурулардан 211 мың адам қайтыс болды.

22 сәуірде Үндістанда алғаш рет бір күнде 314,8 мың жаңа жағдай тіркеліп, әлемдік рекорд орнаған болатын, содан кейін ел бұл көрсеткішті бірнеше рет асып түсті, 23 сәуірде — 332,7 мың, 24 сәуірде — 346,7 мың, 25 сәуірде — 349,6 мың, 26 сәуірде — 352,9 мың, 29 сәуірде — 379,2 мың, 30 сәуірде — 386,4 мың адамнан вирус анықталды.

Үндістанда ақпанның ортасынан бастап вирус жұқтыру дерегі көбейіп жатыр. Қазір COVID-19-дан емделіп жатқандар саны 3,2 миллионнан асты.

Сонымен қатар, елдің Денсаулық сақтау министрлігінің сенбідегі мәліметтеріне сәйкес, Үндістанда 154 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған, соңғы тәулікте вакцинацияланғандардың саны 2,7 миллионға артқан.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров