Қазақстан
COVID-19: «Қызыл» аймақта екі қала мен алты облыс тұр


©ЭК/Андрей ХАЛИН
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1 мамырдағы мәлімет бойынша:
"Қызыл" аймақта — Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта — Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр.
"Жасыл" аймаққа — Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.
Бөлісу