Аshyq жобасы арқылы көптеген нысанның жұмысына рұқсат берілді


©ЭК
Алматы облысында Аshyq жобасы арқылы көптеген нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ashyq жобасы арқылы келесі кәсіпкерлік объектілердің жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар:
— йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес клубтары;
— спа орталықтары;
— сауналар, бассейндер;
— PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютер клубтары (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);
— боулинг клубтары;
— кинотеатрлар;
— театрлар мен филармониялар;
— банкет залдарын, асхана типті объектілерді, фаст-фудтарды, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;
— облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
— бильярд клубтары;
— концерт залдары;
— ерікті қатысушылар;
— караоке (2021 жылғы 5 мамырдан бастап);
— "жасыл" аймақтағы банкет залдары (2021 жылғы 5 мамырдан бастап) (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр);
— көрмелер;
— океанариум;
— марафондар;
— көрермендермен спорттық іс-шаралар.
Қаулы бүгін шықты. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің 2021 жылғы 1 мамырдағы №12 қаулысы 4 мамыр күні күшіне енеді.
Бөлісу