Ұры полициядан қашып өзенге секіріп кетті

Express Qazaqstan

ДП баспасөз қызметі

Атырау қалалық Полиция Басқармасына қала орталығында салынып жатырған құрылыс алаңында белгісіз екі адамның ұрлық жасап жатқандығы жөнінде хабарлама түседі. Полиция қызметкерін көрген ұрылар қашып, біреуі Жайық өзеніне секіріп кеткен,-деп жазады "Экпресс К"

— Хабарламаны Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп тексерді, 2 белгісіз азаматтың болгаркамен фундаменттен шығып тұрған арматураны кесіп жатқандығы анықталды,- деп хабарлайды облыстық Полиция Департаментінің баспасөз-қызметі.

Алайда, аталған азаматтар полиция қызметкерлерін көре саласымен қашып, бір азамат Жайық өзеніне секіріп кеткен. Осы жағдай бойынша ер адамды судан шығару үшін құтқарушылар шақырылды. Бірақ ол азамат судан өзі шықты. Қазір екі азамат та ұсталып, аталған факт бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров