Сотталушылар бірлік күнін тойлады

Оскар БЕК

azattyq-ruhy.kz

Алматы түрмесінде жазасын өтеп жатқандар Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚАЖ департаменті ЛА-155/18 мекемесінде 142 сотталушы жазасын өтеп жатыр. Әртүрлі қылмысы үшін жазаларын өтеп жүргендер ынтымақ-бірлікті бейнелейтін қойылым көрсетті. Әр ұлттың өкілі өз халқының әні мен биін орындап, көрермендер көңілінен шықты.

Жазалы жандардың ішінде татар мен әзербайжан, ұйғыр мен кәріс, қырғыз бен қазақ, грузин мен еврей, украин мен молдован сияқты ұлт өкілдері бар.

"Сотталушылар арасындағы түрлі ұлт өкілдері шырқаған ән мен әр халықтың өзіне тән ырғақпен өрілген биі нағыз ынтымақ пен достықтың үлгісі болды. Әр ұлт өзін әнімен, биімен ғана таныстырмай, салт-дәстүрін де айшықтап, ұлттық тағамдарын ұсынды. "Өзбек — өз ағам", "Түбі бір түрікпен" деп барлық халыққа бауырмалдық танытатын жергілікті ұлттың мейірмандығы бүгінгі бейбіт өмірге арқау болуда.

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекеде Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Евгений Петров сөз сөйлеп, темір торда жүрсе де өзара татулығы мен достықтарын қадірлейтін сотталғандарға ризашылығын білдірді", — деді мекеменің баспасөз қызметі.

Мерекелік шараның соңында қазақтың қара шаңырағының төрінде отырған "қариядан" бата алған сотталғандар жаппай "Қара жорға" биін биледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров