Германияға көшіп кетіп, қайтып келді

Қуаныш РАХМЕТ

24.kz

Бірнеше жыл бұрын Қарағанды облысынан Германияға қоныс аударған отбасы Қазақстанға қайтып көшіп келді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ата-бабасы кезінде Қазақстанға жер аударылып, елімізді сағалап, пана тұтқан Владимир Тауберттің қазақ халқына деген ықыласы өзгеше. десе де туыс-туғанын іздеп біраз жыл бұрын отбасымен бірге Германияға қоныс аударған болатын. Алман елінде 4 жыл тұрып, туыс-туғандарын тапқанымен де қазақ даласына деген аңсары мен сағынышы басылмай қайтып оралды. Германиядағы туыстары да бір түнде буынып-түйініп түре көшуге бекінген Владимирдің шешіміне таң-тамаша болыпты.

"Германияға барып тар үйде көгенделдік те қалдық, одан гөрі Қазақстанымызда өзімізді еркін сезінеміз. Сондықтан қайта көшуге бел байладық" деген Владимир бала күнінен аттың құлағында ойнап өскен. Сондықтан да жылқы бағуды ата кәсібі санап, өркендетсем дейді. Асхана ашып, жылқы шаруашылығын жандандырған Владимирдің ұлы да әкесінің артынан Қарағанды өңіріне қайта көшіп келіпті. Бүгінде кәсіпкерлікті өрістетіп жүрген Владимир бірнеше жанға тұрақты жұмыс орнын ұсынып отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров