Өскеменде 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Express Qazaqstan

ktk.kz

Өскеменде бір күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ktk.kz.

"Кеше, 30 сәуір күні, кешкі сағат алтыда, 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған Рустам Слембаев үйінен шығып кеткен. Содан кейін бала үйіне оралмады".

дейді полиция.

Қалалық полиция бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жасөспірімді табу үшін қажетті іздеу шараларының барлығы жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары жасөспірімді соңғы рет Красин ауылында көргенін түсіндірді.

Руслан Слембаевтың бойы 150-160 сантиметр, дене бітімі арық, ақшыл, қысқа, ашық қоңыр шашты, көк көзді. Сұр желбегей, бейсбол қалпақшасы мен қара сұр түсті спорттық костюм киген. Ақ-көк түсті велосипедпен шыққан.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров