Атырау облысы

Өзекте балықтар қырылды

Экспресс К

AiTube.kz-тен кадр

Атырауда өзек жағасына шығып қалған балықтарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр,-деп жазады "Экпресс К"

Әлеуметтік желіге жарияланған видеодан Атырау облысы Махамбет ауданы Еңбекшіл ауылы тұсындағы Жайық өзенінің Қызылжар өзегінде жағаға шығып қалған өлі балықтармен қатар, тайыз суда жүзіп жүрген балықтарды көруге болады.

— Қазіргі таңда өлі балықтардан өзек жағасы толық тазартылып, еріктілер және табиғат қорғаушылардың күшімен тірі балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде.

деп хабарлайды Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы.

Мамандардың айтуынша, шабақтар мен ұсақ балықтардың жағаға шығып қалуы көктемгі су келу маусымында жиі орын алатын көрінеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров