Ауызашар орнына 1 тонна азық-түлік таратты

Қуаныш РАХМЕТ

baq.kz

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы әкімдігі аппаратының қызметкерлері мен аудан имамдары жылдағы дәстүр бойынша аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себетін таратты, деп хабарлайды Экспресс К BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы әкіміннің аппарат қызметкерлері мен дін саласының мамандары бірлесіп аз қамтылған 70 жанұяға азық-түлік себеттерін таратты. Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауап алуды мақсат тұтқан қайырымды жандар жалпы салмағы 1 тонна азық-түлік салынған "ауызашар себетін"көпшілікке үлестірді. Карантин талаптарын сақтау мақсатында ауызашар дастарқаны жайылмай, оның орнына осындай себеттерге теңдей бөлініп салынған азық-түлікті әкімдік қызметкерлері, имамдар ерікті жастармен бірлесіп мұқтаж жандарға жеткізіп берді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров