Жанған қалдықтарға өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды

Express Qazaqstan

ТЖД

Көкшетауда тұрмыстық қалдықтарды сөндіруге өрт пойызы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 1-інде сағат 08:55-те Көкшетау қалалық ТЖБ кезекшілік бөліміне облыс орталығының іргесіндегі қатты-тұрмыстық қалдықтар палигонында өрт шыққандығы туралы айтты.

"Тілсіз жауды ауыздықтауға "Көкше-Тазалық" ЖШС-нің үш жұмысы, 14 өрт сөндіруші, жергілікті атқарушы органдардан 15 қызметкер және 14 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қосымша Көкшетау қаласының №1 және №2 өрт сөндіру бөлімдерінен 7 қызметкер мен 2 техника, сондай-ақ, өрт сөндіру пойызы тартылды", — деді ведомстводан.

ТЖД
ТЖД

ТЖД қызметкерлері атап өткендей, аталмыш полигон "Көкше-Тазалық" ЖШС-нің қарауында. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров