Атырау

Атырауда жеке тұрғын үй өртеніп кетті

Экспресс К

ТЖД

30 сәуір күні күндізгі сағат 13:00 шамасында Атырау қаласы Самал ықшам ауданында тұрғын үйден өрт шықты,- деп жазады “Экспресс-К”.

— Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің Call орталығына жеке үйдегі өрт жөнінде хабарлама келіп түсті. Департаменттің күш құралдары оқиға орнына барған кезде тұрғын үйге жалғанып салынған екі гараждың және уақытша тұрғын үйдің толықтай өртенуін анықтады. Тұрғындар үйден шығып үлгерген,- деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар Департаменті.

ТЖДТЖД
ТЖД

Жалпы өртенген аумақ 180 шаршы метр.

Сондай-ақ өрт көрші орналасқан үйлерге таралу қаупі туындағанымен, өрт сөндірушілер тілсіз жаудың таралуының алдын алды. Өртті сөндіруге 30-дан астам қызметкер мен 10-нан астам техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров