«Қайрат» АФК жартылай финалда сүрінді

Express Qazaqstan

uefa.com

Алматылық «Қайрат» АФК Чемпиондар лигасының жартылай финалында Испанияның «Барселона» командасымен кездесті, деп хабарлайды «Экспресс-К» .

Бүгінгі кездесуде испаниялық клуб ойыншылары тізгінді қолға алуға тырысты.

"Қайрат" сапында қақпашы Игита өткен матчтағы қызыл қағазы үшін алаңға шықпады. Оның орнын 19 жастағы Нарун Серіков алмастырды.

16-минутта Феррао көзге түсіп, испаниялықтарды алға шығарды. Екінші таймда ол дубль авторы атанды — 2:0.

24-минутта "Қайрат" сапынан Диего Фаверо есеп айырмасын қысқартты.

Феррао 31-минутта үшінші голын соғып, тағы есепті ұлғайтты. Араға бес минут салып, Фернандиньо "Қайраттың" екінші голын салды. Бірақ алматылықтар қалған уақытта таразы басын теңестіре алмады.

Кездесу барысында "Барселона" 3:2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Испандық "Барселона" клубы 3 мамырда финалда Португалияның "Спортинг" командасымен кездеседі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров