Атырауға 600-ден астам мигрант келеді

Express Qazaqstan

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Атырауда көктемгі егіндік жұмыстарына 600-ден астам еңбек мигранты келмек. Өйткені жергілікті тұрғындар жер жырту, егін салу секілді жұмыстарға бармайды,-деп жазады “Экспресс-К”.

Атырау облысында жеміс-жидектер мен көкіністерді өсірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары бар. Ондағы орташа жалақы — 100 мың мен 200 мың теңге арасын құраса да, жергілікті тұрғындар бұл жалақыны аз көріп, жұмыс істегілері келмейтін көрінеді.

— Арнайы комиссия шешімімен биыл жергілікті шаруа қожалықтарындағы көктемгі егістік жұмыстарға көршілес елдерден 602 шетелдік азамат тартылып отыр. Бұл жұмыс күшінің тапшылығын жоюдың бірден-бір жолы. Ал, мал шаруашылығында дәл осы мәселе өте өткір тұр. Жергілікті басқарушы органдар өз кезегінде бұл проблеманы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтарды тарту арқылы шешіп көрмекші. Нәтижесін уақыт көрсетеді. Қалай болғанда да, бұл да аталған мәселені толығымен шеше алмайды,- дейді Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат.

Айта кету керек, пандемия салдарынан Атырау облысында еңбек мигранттарының саны азайған. Биыл олардың саны қайта өсіп, көше сыпырушы, егін салушы секілді жұмысшылар қатары толығады деп жоспарланып отыр. Олар — Өзбекстан, Тәжікстан, Қарақалпақстан елінің азаматтары.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров