Батыста 4 тоннадан астам қызыл балық тәркіленген

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Соңғы бір айдың ішінде Қазақстанның батысында браконьерлерден 4 тоннадан астам бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді,-деп жазады “Экспресс-К”.

1 сәуірден бастап Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының аумақтарында балықтарды қорғауға арналған "Бекіре-2021" акциясы өтіп жатыр. Осы іс-шара аясында балыққорғау заңнамасын бұзудың 720 дерегі анықталған.

— Анықталған құқықбұзушылықтың басым бөлігі Атырау облысының аумағында болып отыр. Қазіргі таңда 495 әкімшілік іс қозғалып, 63 іс-құжат шешім қабылдау үшін сотқа кетіп, 37 қылмыстық іс тіркеліп отыр,- дейді Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.

Инспекцияның хабарлауынша, балықты заңсыз аулағандарға 8 млн 100 мың теңгеге айыппұл салынып, заңсыз айналымнан 25 тоннадан астам балық тәркіленсе, оның 4 тоннадан астамы жойылып кеті қаупі бар бекіре тұқымдас балықтар. Сондай-ақ 2741 балық аулау құралы мен 66 жүзу көлігі тәркіленген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров