Ashyq қосымшасына тіркелгендердің жұмыс уақыты ұзарды

Express Qazaqstan

© Sputnik

Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіп иелерінің жұмыс уақыты ұзарды, деп хабарлайды nege.kz.

Мейрамханалар, кафе мен жазғы алаңдар 50%-тік шектеуді сақтай отырып, таңғы 07:00-ден түнгі 00:00-ге дейін ашық болады. Театр мен кинотеатрлар, концерт залдары 30%-тік шектеумен жұмыс істейді. Бильярд клубына келушілер саны да осы межеден аспауы тиіс. Тастаяқ шеберлері сағат 12:00-ден түнгі 00:00-ге дейін ойнай алады.

Компьютерлік клубтар 16 жастан асқан адамдарды ғана қабылдайды. Сауна, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері мен сауықтыру-фитнес орталықтарына шектеу жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров