Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

Express Qazaqstan

Анна Данилина / ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы ITF сериясындағы W60 Charlottesville турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Доданың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина аустралиялық Арина Родионовамен бірге жарыс барысында барлық кездесуінде де жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық-аустралиялық жұп жаңазеландиялық Эрин Рутлиф — индонезиялық Алдила Сутджиадимен бас жүлдені сарапқа салды.

А.Данилина мен А.Родионова 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қарсыластарын 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Бұл — қазақстандық теннисшінің жұптық сындағы биылғы екінші жүлдесі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров