Қазақстан

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 24 адам көз жұмды

Экспресс К

severpost.ru

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 24 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 799 адам ауыр жағдайда жатыр, деп жазады "Экспресс К". Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты 2 мамырға арналған ақпаратты жариялады.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 18 адам қайтыс болды.

2 мамырдағы мәлімет бойынша, 43 707 адам коронавирус инфекциясынан (43 198 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 065 пациент стационарда, 28 642 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 799 адамның жағдайы ауыр;

• 177 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 116 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 30 сәуірдегі мәлімет бойынша КВИ белгілері бар пневмонияның 129 жаңа жағдайы тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 105 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны — 53 071;

өлім жағдайлары — 807;

барлығы 51 755 адам сауығып шықты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров