Шекарадағы қақтығыстан 178 қырғыз азаматы жараланды

Express Qazaqstan

© Sputnik

Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыстан зардап шеккен қырғыз азаматтарының саны 178-ге жетті. Бұл туралы "Экспресс К" Interfax-Kazakhstan агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Мәлімдемені осы елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ализа Солтонбековап жасады.

"2 мамырдағы жағдай бойынша Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс салдарынан жарақат алған Қырғызстан азаматтарының саны 178 адамға жетті, 34 адам қаза тапты", — деді Солтонбекова

Оның айтуынша, бір күн бұрын тәжік тарапы бұрын кепілге алынған Қырғызстанның он азаматын экстрадициялаған. Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылыпты. Министрдің орынбасары қақтығыс аймағынан 33 мың 380 адам эвакуацияланғанын, олардың 19 мыңға жуығы балалар екенін айтты.

Бұған дейін, сенбідегі жағдайға сәйкес, төрт күндік қақтығыс кезінде қырғыз тараптан 173 адам жарақат алды, 34 адам қаза тапты, қаза тапқандар арасында үш қырғыз әскери қызметкері болды. 1-2 мамырда Қырғызстанда ұлттық аза тұту күндері жарияланған. Тәжікстан тарапынан қақтығыстың құрбандары сегізден онға дейін жетті, 90-нан астамы жарақат алды, деп хабарлайжы жергілікті ақпарат көздері.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров