Головкинге бәсекелес пайда болды

Оскар БЕК

fightnews.info

Кубалық Эрисланди Лара қарсыласын 77 секундта жеңіп, орта салмақта WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты vesti.kz - ке сілтеме жасап.

Лара Геннадий Головкин өнер көрсететін дивизионда бос тұрған титулды иеленді. Ол америкалық Томас Ламаннды 77 секундта нокаутқа түсірді. Лара бұл дивизионға бірінші орта салмақтан көтерілген болатын.

Бірақ Лара Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) орта салмақтағы негізгі чемпионы атанбады, себебі WBA Super белбеуі қазір жапон Риота Муратада. Жапониялық боксшы биыл Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров