Әйелдің өліміне себепкер болғаны үшін сотталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырауда әйелдің ұятты суреттерін әлеуметтік желіде жариялаймын деп қорқытып, одан ақша талап етіп, кейін оның өліміне себепші болған Түркістан облысының азаматы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Түркістандық 36-жастағы ер адам атыраулық әйелмен әлеуметтік желі арқылы танысып, кейін өте жақсы араласа бастайды. Әйел үшін Түркістаннан Атырауға келген еркек, ол ұйықтап жатқанда суретке түсіріп алып, ұялы телефонындағы барлық нөмірлерді жазып алады. Кейін Түркістанға қайтып кеткеннен соң, жігіт әйелді бопсалап, 100-200 мың теңге сұрап, суреттерді туыстарына жіберемін деп қорқытады. Бопсалауды көтере алмаған әйел өз үйінде асылып қалады.

Атырау облыстық Полиция Департаменті ҚР ҚК 105 (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 147 (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) баптарымен қылмыстық іс қозғап, күдікті азамат Түркістан облысынан ұсталып, Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесіне жеткізіледі.

Сәуір айында Атырау қалалық №2 сотының үкімімен, күдікті кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қазіргі таңда ол облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Айта кету керек, бопсалаушы жігіт өз кәнісін ішінара мойындады. Тіпті үкімін естігеннен кейін, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров