Атырауда бір аптада 813 рет жол ережесі бұзылған

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Соңғы бір аптада атыраулық тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзған 813 құқықбұзушылықты анықтады,-деп жазады “Экспресс-К”.

— 135 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 6 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген, 9 жүргізуші үздіксіз екі ақ жолақты кесіп жолдың қарсы бағытына шығып кетсе, тағы 13 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген,-дейді Патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Нұрлан Сәрсенбаев.

Және бұрын да мас күйде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылған 34-жастағы қала тұрғыны қайтадан мас күйінде көлікке отырғандығы анықталып, оған қатысты ҚР ҚК 346 бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, батальон командирі атап өткендей, ережелерді жүргізушілер ғана бұзбайды. Оған дәлел 134 жаяу жүргіншінің жолды дұрыс емес жерден кесіп өтуі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров