Каспий түбі тереңдетілмек

Express Qazaqstan

yandex.ru

Атырау облысында қоғамның белсенді өкілдері мен табиғат қорғаушылары мұнай компаниясының Каспий теңізінің түбін тереңдету жұмыстары қарсы болғанымен, теңіз түбін қазу жобасы мақұлданды,-деп жазады “Экспресс-К”

"Қашаған кен орны нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Теңіздегі кеме қатынасы каналдары" жобасы аясында NCOC компаниясы Каспий теңізінің түбінен кеме қатынасына арналған канал салу қажет. Осы жаңалықты естіген жұртшылық қарсылық білдіріп, тіпті халықаралық интернет-платформасында "Каспийді экологиялық апаттан құтқарайық" петициясы жарияланған болатын.

NCOC компаниясының денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Нұраш ӘЖІҒАЛИЕВТІҢ айтуынша бұл жоба Каспий теңізі мен компания үшін өте қажет жоба.

— 2019 жылдан кейін теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты біз баржаларды пайдалана алмадық. 2019 жылы Қашағандағы күрделі жөндеуден бұрын теңіздің деңгейі шамалы төмендейді деген болжам жасалды, ал іс жүзінде ол көп төмендеп кетті: қатты соққан жел суды қуып, теңіз деңгейі 1 немесе одан да көп метрге төмендеді. Біз аралдарға баржаларды әкеліп үлгердік. 2020 жылы сателиттік аралдарға жарты жылдай жете алмадық, ал ол жерде біздің негізгі өндіріс ұңғымалары бар еді,-дейді Әжіғалиев.

2 кезеңнен тұратын жоба барысында Каспий теңізінде ені 80 метрден 115 метрге дейін болатын канал қазылады. Жоба шеңберінде диаметрі 325-тен 380 метрге дейін болатын 10 айқарма бассейн жасау кіреді. Теңіз түбінен барлығы 18,5 миллион текше метрден астам топырақ шығарылады. Тереңдету жұмыстары 2021 жылдан бастап, 2022 жылдың аяғына дейін жоспарланған.

— Теңіз түбіне аз әсер ететін, сондай-ақ, үйінді учаскелердің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігі бар ең заманауи жабдықтар пайдаланылатын болады,-дейді NCOC компаниясы

Алайда бұл жобаға жергілікті табиғат қорғаушылары күмәнмен қарап, жобаның теңізде өмір сүретін тіршілік иелеріне әсер ететіндігін айтты. Бір топ экология белсендісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевқа Солтүстік-Шығыс Каспий акваториясына теңіз кеме қатынасы каналын салуды заңсыз деп тануды және оған жол берілмеуін талап еткен хат жолдады.

Айта кету керек, жоба наурыз айында мақұлданып, сәуір айының соңында осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров