Шымкентте үш күнде 9 мас жүргізуші жауапқа тартылды


azattyq-ruhy.kz
Шымкентте 3 күнде масаң күйде көлік басқарған 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында үш күндік "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
"Іс-шараның қорытындысы бойынша қала аумағында масаң күйде көлік тізгіндеген 9 жүргізуші ұсталды. Аталған жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша тиісті әкімшілік шара қолданылды", — делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарлаамсында.
Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылғанын және жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Бөлісу