Петропавл

Қураған шөпті өртеу салдарынан бір үй жанып кетті

Экспресс К

ТЖД

Петропавл маңында қураған шөп пен қамыс өртеніп, жалынның қаланың ықшамауданына таралу қаупі төнді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 мамыр күні Петропавл маңында құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Бұл жөнінде тұрғындар 101 нөміріне сағат 13.22 минут кеткенде хабарлап, Былғары зауыты ықшамауданында құрғақ шөптің жанып жатқанын айтқан.

Оқиға орнына облыс орталығының бірден үш өрт сөндіру бөлімшесі жөнелтілді. Қатты желден жалын өршіп, жақын маңдағы қамысты шарпыды, осылайша өрт 3 гектар жерге жайылды. Мамандар шағынаудандағы тұрғын үйлерді аман алып қалу үшін 2 сағат бойы арпалысты. Алайда бір тұрғын үй мен екі қора-қопсы жанып кетті.

ТЖДТЖД
ТЖД

Өрт тек сағат 17.16 минут кеткенде ғана толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров