Жібек Құламбаева Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

Express Qazaqstan

dknews.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Мысыр астанасы Каирда өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ж.Құламбаева сонымен қатар жекелей сында финалға дейін жетті. Жібек италиялық Николь Фоссамен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, германиялық Наталья Седильская — босниялық Анита Хусаричті 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда турнирдің 2-ракеткалары, болгариялықтар Петья Аршинкова — Гергана Топаловадан басым түсті — 6:0, 6:3. Шешуші бәсекеде қазақстандық-италиялық жұпқа доданың 1-ракеткалары, ресейлік Элина Аванесян — румыниялық Оана Гаврила да қарсы тұрып жарытпады — 6:2, 6:3. Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында биылғы екінші, спорттық жолындағы сегізінші табысына қол жеткізді.

Жекелей сында финалда Жібекке сәл-пәл сәттілік жетіспеді. Бұл жолы Э.Аванесянға 6:3, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Бұдан бұрын Жібек Элинаны өткен жылдың желтоқсанында дәл осы Мысырда ширек финалда ұтқан болатын — 6:3, 6:2.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров