Bus Lane желісі кеңейіп, алты жолақты жол салынады

Экспресс К

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жүргізіліп жатқан абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары жайлы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Тұрғындарға қалада қолайлы өмір сүру үшін жағдай жасаудағы басымдықтардың бірі — жолдарды салу және жөндеу, қоғамдық көлікке арналған Bus Lane желісін кеңейту, веложол құру. Елордадағы климаттық жағдайға байланысты абаттандыру мен жол жұмыстарын жүргізу маусымы қысқа. Жылыту маусымы 7 айға дейін созылады. Дегенмен қолайлы жағдайлар туындағаннан кейін қалада жолдарды жөндеу және аудандарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде", — деп жазды елорда әкімі.

А. Көлгіновтың жазуынша, Биыл 100-ден астам көше жөнделеді. Сонымен бірге тағы 37 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

"Сонымен қатар Түркістан көшесінің бойындағы (Ұлы дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) бөлу жолағын қайта жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жолды үш жолақтан алты жолаққа дейін, яғни екі есе кеңейтуге мүмкіндік береді. Жазда Bus Lane жолағын іске қосамыз. Сондай-ақ сол учаскеде саябақ пайда болады. Өткен жылы, мысалы, бөлу жолағы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша бөлшектелді. Бұл машиналар ағынын азайтуға мүмкіндік берді.

Сапасыз жөнделген және салынған жолдарды қабылдамаймыз. Мердігер өз есебінен қалпына келтіреді, ал жұмысына немқұрайлы қарайтын компаниялармен келісімшарттарды тоқтатамыз.

Өткен жылы 173-тен астам көшені, соның ішінде қаланың елді мекендеріндегі көшелерді жөндедік. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында 4 мыңнан астам жұмысшы орны құрылды", — дейді шаһар әкімі Алтай Көлгінов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров