Атырау облысы
Атырау облысында тағы да балық қырылып жатыр (видео)


AiTube.kz-тен кадр
Атырау облысы Құрманғазы ауданында тағы балық қырылып жатыр,-деп жазады “Экспресс-К”.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада тайыз суда өлі шабақтар мен балықтарды көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, жергелікті тұрғындар тірі қалған балықты қолмен аулап жатыр.
— Көктемгі су келу кезінде осылай балықтар жағаға немесе тайыз суларға шығып қалады. Өлгендері өліп, тірі қалғанын тұрғындар жинап алады.
Аталған бейнежазбаға қатысты тиісті органдары әзірше пікір білдірмеді. Айта кету керек, осыған дейін "Экспресс-К" Атырау облысы Махамбет ауданында балық қырылып жатқандығын жазған еді.
Бөлісу