Әткеншектен 8 бала құлап жазым болды

Express Qazaqstan

inbusiness.kz

Оралда қаласындағы мәдениет және демалыс саябағындағы 8 бала әткеншектен құлап кетіп жазым болды. Абырой болғанда барлығы аман, алайда олардың барлығы түрлі дене жарақатын алды, - деп хабарлайды "Экспресс К"

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің таратқан мәліметінше оқыстан болған оқиға 2 мамыр күні кешкісін тіркелді.

Оқиға орнына бірден жедел жәрдем шақырылды. Адын ала мәлімет бойынша 2014 жылғы қыз баланың денесі мен жіліншігі көгерген. 2011 жылғы ұл баланың жіліншігі сынған. Қалғандары жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Жапа шеккен балалардың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Болған оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров