Қару-жарақ өткізгені үшін 4 млн теңге сыйақы алады

Қуаныш РАХМЕТ

yandex.ru

Ақмола облысының тұрғындары 10 ішінде қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды өткізіп, 4 миллион теңге көлемінде сыйақы алады, деп хабарлайды Экспресс К Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды сатып алу акциясы республика бойынша жүріп жатыр. Ақмола облысы тұрғындары да осы акцияға белсене қатысып, өз еркімен қару-жарақтарын тапсырып, сыайқы алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Қарудың әр түріне 10-100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беріледі. "Акцияның мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу. Сондай-ақ, бұл азаматтарға бірнеше санат бойынша бағаланатын ерікті түрде тапсырылған қару бірлігі үшін қосымша ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді", облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Акция аясында ақмолалықтар 10 күннің ішінде 72 қару түрін тапсырған. Полиция департаментінің криминалистикалық басқармасы балллистикалық сараптамадан өткізіп, ерттеу қорытындысы шыққан соң қаруын өткізген тұрғындарға 4 миллион теңгеге жуық сыйақы беріледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров