Нұр-Сұлтанда фонтандар іске қосылды

Express Qazaqstan

astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда мамыр айының басынан бастап фонтандар іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында 48 субұрқақтан тұратын 25 фонтан кешені орналасқан. Оның төртеуі — музыкалық. Өткен жылы "Нұржол" желекжолындағы осындай фонтандардың бірінде репертуар жаңартылды. Енді ол жерде Батырхан Шүкеновтің, Димаш Құдайбергеннің әндері, Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы" секілді өзге де әндер шырқалады.

"Есіл өзенінің жағасындағы саябақты 2020 жылы жөндеу барысында үш фонтанның апатты жағдайда екені анықталды. Қазір тұрғындардың өтініші бойынша ескі фонтандардың орнына 4 жаңа күрделі инженерлік құрылыстар орнатылды. Онда бактерияларды, вирустарды және басқа да организмдерді ультракүлгін сәулелену арқылы өлтіретін заманауи су тазарту жүйесі бірге орнатылды. Орталық фонтанда 112 шамнан тұратын жарық-динамикалық жарығы бар, сонымен қатар 56 су ағыны 1,5 метр деңгейінде жоғары көтеріледі. Фонтанда биіктігі 1 метрге дейін жасанды тұман жасау функциясы бар, ол субұрқақтың тостағанына тікелей орнатылған 56 саптама арқылы жүзеге асырылады. Жаз мезгілінде мұндай фонтан жасанды тұман жасау есебінен саябаққа келушілерге жағымды әсер қалдырады", — деп атап өтті Есіл ауданының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, биыл қаланың коммуналдық меншігіне "Линейный" саябағында орналасқан 1 субұрқақ кешенін беру жоспарлануда.

Жалпы шаһар бойынша — Сарыарқа ауданы аумағында 11, Алматы ауданында 9, Байқоңыр ауданында төрт фонтан іске қосылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров