Лагерьлерді тексеру басталды

Оскар БЕК

rbsmi.ru

Қостанай облысында Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомстволардың қызметкерлері балаларды сауықтыру лагерлерін тексеруге кірісті,-деп хабарлайды Экспресс-к.

Олар демалыс орындарда өрт қауіпсіздігі шаралары қаншалықты сақталғанын бақылайды. Тексеріс мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Биыл облыста 10 лагерь жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді. Алғашқы ауысымдар маусым айында басталады. Лагерьлерден бөлек құзырлы мекеме мектептерді де тексеріп жатыр. Білім ошақтарындағы алаңдар балаларды 1-15 маусым аралығында қабылдауға дайындалуда.

"Барлық лагерьлерді тексеріп, өрт қауіпсіздігін түсіндіріп, балаларға сабақ өткіземіз. Қауіпсіздік ережелері ескерілмесе, оны түзетуге уақыт береміз. Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаса, онда іс сотқа дейін жетіп, айыппұл төлеуі мүмкін", — дейді Қостанай қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Аслан Махмутов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров