Жол апатынан 4 адам зардап шекті

Оскар БЕК

drive2.ru

Қызылорда облысында болған жол апатынан бір ересек адам мен үш жасөспірім зардап шекті,-деп хабарлайды Экспресс-к.

Оқиға 2 мамыр күні Талсуат елді мекені тұсында болған. "Жол-көлік оқиғасынан төрт жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Оның ішінде 1 азаматша және 3 жасөспірім бар. Көз жұмғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің өкілі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров