Жоғалған бүлдіршін табылды

Оскар БЕК

azattyq-ruhy.kz

Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар қыз аман-есен табылды. Бүлдіршінді іздеуге 500-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды,-деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz

2 мамыр күні Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің 1999 жылғы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында сағат 13:00 шамасында 3 жасар қызының үйден шығып, жоғалып кеткенін көрсеткен.

Үш жасар қызды табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың дабыл қағуымен барлық аудандық полиция басқармаларына тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 500-ден астам тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ, кинологияның қызметтік иттерімен іздестірілді.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кешкі сағат 22:10 да Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері "Отырар" шағынауданынан 1 шақырым қашықтықтан 3 жасар қызды аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді", — делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Өз кезегінде, жоғалған қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров