Норвегия

Норвегиялық суретші қазақстандық ардагерді іздейді

Оскар БЕК

ҚР СІМ

Норвегияның танымал суретшісі Вебьёрн Санд Қазақстанның Ослодағы Елшілігіне хабарласып, 1944 жылы Норвегияның солтүстігін фашизмнен азат етуге қатысқан қазақстандық ардагерлерді, сондай-ақ Норвегия аумағында фашистік тұтқында болған сарбаздарды табуға көмектесуді сұрады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Вебьёрн Санд — "Раушангүл сарайы" ("Rose Castle") атты ірі өнер-ағарту жобасының жетекшісі. Кешен 2020 жылы Норвегияға нацистік шабуылдың 80 жылдығына және елдің толық азат етілуінің 75 жылдығына орай Ослода ашылды.

ҚР СІМҚР СІМ
ҚР СІМ

"Раушангүл сарайы" арт-жобасы 1944 жылдың күзінде Норвегияның солтүстігін азат етуге қатысқан Қазақстан жауынгерлеріне және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Норвегияда тұтқында болғандарға құрметі мен ризашылығын білдіреді. Біз сіздердің бастан кешкендеріңізді Норвегия халқына танымал болғанын қалаймыз", — дейді В. Санд.

ҚР СІМҚР СІМ
ҚР СІМ

Суретші Кеңес әскерінің қазақстандық ардагерлерімен жеке сұхбаттасып, оларды "Тарих жүздері" экспозициясына қосқысы келеді. Пандемияға байланысты В. Санд Қазақстанға келе алмайды, алайда онлайн режимінде байланыса алады. Сұхбат кезінде түсірілген фотосуреттер мен эскиздер негізінде суретші портрет салып, оны Ослодағы "Раушангүл сарайында" орналастырады. Қазақстанның Ослодағы Елшілігі жұртшылықты осы жобаны қолдап, Норвегияда болған қазақстандық ардагерлерді іздеуге көмектесуді өтінеді. Жоба сарбаздарымыздың ерлігін мәңгілікке сақтап, екі ел арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтады.

Ардагерлердің суретшімен кездесуін ұйымдастыру үшін келесі мекенжайға байланысқан жөн: Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі: [email protected], [email protected], +47 22420643; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті: [email protected], +7 7172 720685.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров