Кәсіпорын есепшісі 7 млн теңгені жымқырып қалған

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Өскеменде жауапкершілігі шетеулі серіктестердің бірінің есепшісі 7 миллион теңгені өз пайдасына жымқырып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпорын басшысы 21 сәуір күні полицияға шағымданады. Ол былтырғы жаздан бері ЖШС шотынан 7 млн теңге ұрдап алған әйел адамды жауапқа тартуды сұраған.

"Шағымданушы ер адам кәсіпорынның бас бухгалтерінің ақшаны өз есебіне аударып алғанын айтқан. Осылайша, ол 7 млн теңгені иеленіп кеткен", — делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Көп ұзамай 52 жастағы күдікті полиция учаскесіне жеткізілген. Тергеу барысында әйел адам өз кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақыта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі терге жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров