Атырау облысында жартты тоннаға жуық балық қырылған

Express Qazaqstan

Атырауда балықтардың қырылуына қатысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі пікір білдірді. Олардың айтуынша 3 тонна балық құтқарылып, 470 килограмм өлі балық жерге көмілген,-деп жазады “Экспресс-К”.

— 2 мамырда Атырау қаласы Бесікті ауылы маңындағы Жайық өзенінің тасуы салдарынан "Безымянное" жайылмалы көлі жағалаулауынан асып, ең жақын сағаларын шайып кетті. Сумен бірге сағаға балықтар, негізінен, шағылдар кірді. "Жайық-Каспий" аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері шұғыл оқиға орнына жіберілді. Бұл жағдай туралы өзара шұғыл іс-қимыл әрекетіне сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдар, оның ішінде жергілікті атқарушы орган хабардар етілді. Нәтижесінде 3 тоннаға жуық балық құтқарылды, ал 470 кг өлі балық жерге көмілді,- деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Балықтарды құтқару жұмыстарына 10 инспектор, 40-қа жуық жергілікті тұрғын, 7 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ ауыр техниканың көмегімен жасанды канал қазылып, ол арқылы балықтар өзен арнасына жіберілді. Қазіргі уақытта су әлі де тасып, ал балық ресурстарын құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров