Ескі көпір ән мен әзілге арқау боп тұр

Express Qazaqstan

© ЭК

Семейде жөндеуге жабылған ескі көпірдің жағдайына байланысты жергілікті әзілкештердің түсірген видеолары ғаламторда қызу талқылануда. Айта кетейік, жергілікті әкімдік қаланың ескі көпірін ағымдағы жөндеу жұмыстарына мереке күндері жапқан болатын, деп хабарлайды «Экспресс К»

Оқырманы көп бірнеше инстаграмм парақшаларында жарияланған видеолардан астарлы әзілді көруге болады. Видеода "әкім ағаның" көпірді ағымдағы жөндеуге миллиард қаражат кеткенін, оны айтуға болмайтыныне жеткізген. Әкім өзі тапқан "по возможности" технологиясы жайында айтады.

Ал екінші видеода жыл сайын көпірді жауып тұрып жөндейтіні, оның нәтижесінің шамалы екені әнмен әйгіленеді.

Жалпы, жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған көпірдің қазіргі жағдайы сын көтермейді. Жергілікті билік бұған дейін бірнеше мәрте жөнделеді дегенімен, нақты іс емес, сөз жүзінде қалуда деп семейліктер дабыл қағып келеді. Ал көлік жүргізушілер болса, күнде апатты жағдайда деп танылған көпір арқылы өтіп жүрміз дейді.

Ескі көпірді жергілікті әкімдіктің жөндейтін жоспары бар. Өткен жылы жобалық-сметалық құжат жасалып, қазір сараптамадан өтуде.

Қала әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, алдағы уақытта ескі көпірмен тек жаяу және велосипедпен жүруге арналып, үстінен сол жағалаудан оң жағалауға жылу тартылады. Қаражат мәселесі шешілсе, биыл немесе келесі жылы ескі көпірдің жанынан төрт жолақты жаңа көпірдің құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары үш жылға жоспарланып отыр. Жоба Семейді 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспарына енгізілген

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров