Карантин талаптарын бұзған кафелер анықталды

Қуаныш РАХМЕТ

Бейнеден кадр

Ақтау қаласында карантиндік шектеу талаптарын өрескел бұзған кафе-барлар анықталды, деп хабарлайды Экспресс К облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ақтау қаласында полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, мәслихат депутаттарынан құрылған мобильдік топ дүкендер, сауда орталықтары, мейрамхана, кафе-бар секілді халық көп баратын кәсіпкерлік субьектілерін тексерген. Кеше түнде жүргізген рейд кезінде түнгі 24:00-ден кейін де жұмысын жалғастырған "Kyber" "Game Studiо" компьютер клубтарында адамдар тарқамай, жұмыс жалғастыра бергені белгілі болды. Келушілер әлеуметтік ара қашықтықты сақтау былай тұрсын масканы да тақпапты. "Hesoyam game club" ойын- клубы, "Папа бар" кафесі "Mango" караоке бары санитарлық талаптарды мүлде ескермегені анықталды.

Карантин талабын сақтамаған көпшілік орындардың иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, тиіста шара қолдану үшін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жіберілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров