Төбелес шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Express Qazaqstan

AiTube.kz-тен кадр

Түркістанда көшеде төбелес шығарғандар ұсталды. Оқиға кезіндегі видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ер адам автокөліктен қашып бара жатқаны туралы видео пайда болды. Видеода оның қолында пышақ бары көрсетілген.

Артынша жағдай төбелеске ұласқан.

Қалалық ПД мәліметінше, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров