Төрт мың долларға қошқар

Экспресс К

AiTube.kz-тен кадр

Әлеуметтік желіде еліміздің оңтүстігінде асыл тұқымды қошқарды 4 мың долларға саудалағандар туралы видео тарады. Видеода сатушының қошқарды аса құлшыныспен сатып тұрғаны байқалмайды.

Ал сатып алушы малдың бұрынғы иесінің айтылған бағаға келіскеніне дән риза. Қолын алып, қуанышын білдіреді. Жалпы асыл тұқымды қошқардың бағасы бұдан әлдеқайда қымбат көрінеді. Мәселен, гиссар тұқымды қошқардың бағасы 10 мың доллар тұрады екен. Қазіргі таңда шаруашылық иелері қошқардың тұқымына мән береді. Себебі асыл тұқымды отардағы бір қойдың құйрығы 40 келіге дейін жетеді. Сарапшылардың айтуынша, бұндай асыл тұқымды қошқарларды союға ешкім алмайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров