Шегеден адам жасаса, әлемде одан мықты тіршілік иесі болмас еді

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Сангита Хасанова кез-келген арманды орындаудың құпиясын меңгерген. Сүйкімді келіншек өзінің тәсілін сұрағандарға шын көңілмен айтып береді. Мұндайда ол әлдебір тылсым күштерге сүйенбейді. Оның әдісі бойынша, бар болғаны шегенің үстінде бірнеше минут тұру керект.

Егер сіз өзіңізбен, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүре алмай жүрсеңіз, көңіл-күйіңіз құбылмалы, ашушаң болсаңыз, жалғызбаситы болсаңыз, денсаулығыңыз сыр берсе, шегенің үстінде тұрумен шұғылданғаныңыз жөн.

Рухани, ақыл-ой және дене бітімі жағынан тазарудың қазақстандықтар үшін әдеттен тыс осы әдісіне өте қорқынышты садху тақтасы қолданылады. Шегенің үстінде тұру дегеніңіз — түрленудің керемет тіимді тәсілі. Ол адамның ақыл-ойды тануына, сезімінің оянуына, түйткілдің қайдан екенін білуіне, оны жеңіп, жаман нәрселерден арылып, қайтадан қуат алуына мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шегелердің үстінде тұрып тілегіңіздің орындалуына қол жеткізе аласыз.

©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

— Садху тақтасына арнайы дайындықсыз шығуға болмайды, — дейді йога жаттықтырушысы Сангита Хасанова. — Адам өзін не күтіп тұрғанын алдын ала біліп алуы керек. Оның мәні тереңде жатыр. Ол жан дүниеңізге, ақыл-ойыңыз бен денеңізге қатты ықпал етеді.

Табаныңыз шегелерге тигенде, аса күрделі, сан алуан процесс басталады. Сол сәтте реніштеріңіз, күйзелістеріңіз, өзіңізге деген сенімсіздігіңіз бірден қалқып шыға келеді. Содан жаныңыздың ауырғанын сезесіз. Кері эмоцияға беріліп, өткен күндердегі қателіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңіз еске түскенде, еңіреп жылайсыз.

Шегеден түсуге асықпаңыз. Жан дүниеңізге үңіліп, өзіңізге мынадай екі сұрақ қойыңыз: "Неге жаным ауырады? Бұл өзі кімнен болды?" Бұған түпкі санаңыз жауап береді. Кейбір жайттарды көз алдыңызға келтіреді.

— Садху тақтасының үстіндегі жаттығуды адам оңаша жасай ма?

©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

— Дайындығы бар адамдар топ болып жаттыға алады. Ал алғашқы дәрісте ұстаз бен шәкірттің оңаша болғаны дұрыс. Біздің адамдар эмоциясын сыртқа шығаруға ұялады. Өйткен бізді бала кезден жұрттың көзінше қарқылдап күлмеуге, өкіріп жыламауға, қатты сөйлемеуге үйреткен. Ал мында бәріне бәріне ерік бересің. Шегенің үстінде тұрған адамдар ыңырсиды, айғайлайды, жылайды, күледі. Мен оларға бұның еш әбестігі жоқ екенін айтамын.

Жаттығудан кейін бәрі де жеңілдеп, күш жинап алады. Бойына қанат біткендей болады. Мейірімділігі оянып, өзгелерге көмектескісі, әлемді жақсы жағына қарай өзгерткісі келіп тұрады. Аурудан айығып, тілегі орындалады.

©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

— Садху тақтасының көмегімен тілектің орындалуына қол жеткізу туралы кеңірек айтыңызшы.

— Армандай білмесеңіз, дами алмайсыз. Бірақ "Менің қолымнан анық келмейді. Талпынбай-ақ та қояйын" дейтін адамдардың бары өкінішті. Ал мен тап қазір барлық қазақстандықтарға сыйқыршылық сабағын тегін беремін.

Бір парақ алыңыз да, соған жүз тілек жазыңыз. Қиялға ерік беріңіз. Ақыл-ойыңыз бен жүрегіңізді тыңдаңыз. Ұялмаңыз. Өзіңізге шектеу қоймаңыз. Сіздің жазғаныңызды бәрібір ешкім көріп жатқан жоқ қой.

Жазған тілектеріңізді оқып, маңыздырақ деген біреуін таңдаңыз. Адам көп жағдайда біраз ойланғаннан кейін о баста басты арманы боп көрінген тілегінен айнып қалып, басқасын таңдап жатады. Тілектер тізімін сондықтан жаздырамыз.

Тілекті таңдағаннан кейін шегелердің үстіне тұрып, ішкі әлемімізге үңілеміз. Арманға жетудің әдіс-амалдарын тез-ақ тауып аласыз. Менің шәкірттерім бұны керемет жасайды. Оларды мақтан тұтамын. Сіздер де бізге қосылыңыздар.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров