Қалдықтар полигоны салынған соң тариф өсе ме?

Express Qazaqstan

© Kazinform.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысында ескерілген көрсеткіштерді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде Семейде 1998 жылы салынған 69,11 гектар аумақта қатты тұрмыстық қалдықтарды көмудің полигоны бар. Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚҚДБ) ынтымақтастық аясында аталған полигонды жаңғырту бойынша жобаны жүзеге асыруға талдау мен зерттеу жүріп жатыр.

"Жоба аясында халықаралық нормаларға сәйкес жаңа санитарлық-техникалық полигонның құрылысы жоспарланған. Онда қуаттылығы жылына 100 мың тонна қалдықты механикалық-биологиялық өңдеу кешені ескерілген. Бұл мақсатқа 100 гектар жер телімі бөлінді. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктерін жаңғырту мен кеңейту қарастырылған", — деп атап өткен Р. Скляр депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, Еуропалық қайта құру және даму банкінің жобасы Семей қаласына арнап жасалған. Полигон қалдықтарды өңдеудің толық циклын қамтымақ.

"Техникалық-экономикалық зерттеудің қаржылық моделі аясында ЕҚҚДБ консультаттары тұрғындар үшін тарифтің өсуінің үш нұсқасын ұсынды (40%, 30% и 20%). Аталған мәселені пысықтау кезінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ең тиімді нұсқаны таңдады. Осы орайда 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде тұрғындар үшін тарифтің жылына 20 пайыздан аспайтын деңгейде өсуі ескерілген. 2025 жылдан кейін тарифтің өсімі инфляция деңгейінде немесе 5-6 пайыз шамасында қарастырылады. Айына бір адамға 268 теңге сомасында белгіленген қолданыстағы орташа тариф кезінде (ҚҚС-ты ескере отырып), техникалық-экономикалық зерттеуге сәйкес, 2023 жылы тариф 320 теңге болса, 2025 жылға қарай 456 теңгеге жетеді", — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров