Президент айтты - орындалды

Express Qazaqstan

elorda.info

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған Жолдауында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы 2021 жылы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалануға беру - деген тапсырмасы орындалды, деп жазады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.

Осы тапсырмаға сәйкес, бүгінде 761 мыңнан астам салымшы өз жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бір бөлігін апайдалануға мүмкіндік алды. БЖЗҚ салымшылардың арнайы шоттарына 1,2 трлн теңгеден астам қаражат аударды. Оның ішінде:

— тұрғын үй жағдайын жақсартуға — шамамен 1,187 трлн теңге;

— емделуге — 4,6 млрд теңгеден астам;

— зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы 1230 өтініш орындалып, шамамен 2,8 млрд теңге компанияларға аударылды

— зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы 1230 өтініш орындалып, шамамен 2,8 млрд теңге компанияларға аударылды

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров