17 жастағы бойжеткен бұзақылық жасады

Экспресс К

instagram.com / eto_karaganda_detka

Қарағандыда 17 жастағы бойжеткен автотұрақтағы көліктердің үстіне шығып алып секіріп бұзақылық жасады. Оны полицейлер ұстап алды, белгілі болғандай бойжеткен тағы екі көлікке зақым келтіріпті, деп хабарлайды "Экспресс К"

Қыздың бұл оғаш әрекеті әлеуметтік желіде тарады. Ол өзінің бұзақылық әрекетін мойындады. Желіде тараған видеода бір топ қыздардың жүгіріп жүргені анық көрінеді. Ары-бері топтасып жүрген қыздардың арасынан бір бойжеткен көліктің төбесіне шығып секірген. Осыдан кейін ол қаша жөнеледі.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде 17 жастағы қыз ұсталды. Күдіктінің тағы екі көлікке зақым келтіргені анықтады. ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

instagram.com / eto_karaganda_detka
instagram.com / eto_karaganda_detka

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров