Елордада тағы да асфальт опырылып түсті

Express Qazaqstan

instagram.com / eto_astana_detka

Елордада Мәңгілік ел көшесінде автожол үстіндегі асфальт опырылып, ойық пайда болды. Бұл туралы Instagram-пабликтердің бірінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғаға қатысты "Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ресми мәлімет берді.

"Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Мәңгілік ел көшесі, 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуынан құбыр құдығының жабын плитасы ішінара опырылып құлағанын хабарлайды. 2 мамыр күні авариялық бригада құдық жабынының қалған бөлігін бөлшектеп, шойын қақпақ орнатып, бетондады. Аталған орынға жөндеу-құрылыс бригадасы асфальт төсейтін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген компанияның баспасөз қызметі ұсынған жауапта.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров