Қаланың қақ ортасында көлік өртенді

Express Qazaqstan

ТЖД

Орал қаласында автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 мамыр күні кешкісін болды. Сағат 20.31-де Әлия Молдағұлова көшесі, 24 мекенжайында Great Wall Safe автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Тілсіз жау №5 өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 1 техникасының көмегімен сағат 20.56-да толық ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келген шығын анықталып жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров