Павлодар
Әскерге шақырылған екі жігіт қашып кетті


Бейнеден кадр
Павлодарда әскерге шақырылған екі жігіт әкімдіктің облыстық жиналу пунктінің үшінші қабат терзесінен секіріп кетті, олардың біреуі қашып үлгерген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әскери міндеттілер — Павлодар облысында тұратын 1998 жылы туған Құлниязов Мұхамедкәрім Қайратұлы және 2001 жылы туған Рүстем Русланұлы Назымбеков әскери қызметке шақырылған. Олардың әскери қызметтен босатудың заңды негіздері болған жоқ. 2021 жылы 2 мамырда Павлодар облысы әкімдігінің аймақтық жиналу пунктінің ғимаратында болып, олар үшінші қабаттан секіріп, сол жерден заңсыз шығып кеткен, — деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оларға 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, 2 917 000 теңге немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары я болмаса төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Бөлісу