Балықтарды аулауға тыйым салынды

Экспресс К

Экспресс К

Атырауда жағаға шығып қалған балықты тұрғындарға жинауға тиым салынды, деп хабарлайды “Экспресс-К”.

Атырау қаласының тұрғындары көл жағасына шығып қалған ірілі-ұсақты балықты қаппен жинап, үйлеріне әкетіп жатыр. Тіпті әлеуметтік желіде балықты жинап алып кетуге шақырған бейнежазба да тараған.

Алайда құқық қорғау органы қызметкерлері жағаға шығып қалған тірі балықтарды алып кетуге тиым салды. Тәртіпке бағынбаған тұрғындарға әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.

Атырау облысы әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, балықтар уылдырық шашу үшін өзенге кіріп, "су қақпанына" түсіп қалған. Сол себепті тірі балықтардың барлығында уылдырық бар.

Еске сала кетсек, 2 мамыр күні Атырау қаласы Бесікті ауылы маңындағы Жайық өзенінің тасуы салдарынан "Безымянное" жайылмалы көлінде балықтардың жағаға шығып қалғандығы туралы жазған еді. Нәтижесінде 3 тоннаға жуық балық құтқарылып, 470 кг өлі балық жерге көмілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров