Билл Гейтс әйелімен ажырасатынын мәлімдеді

Express Qazaqstan

ft.com

Билл мен Мелинда Гейтс 27 жылға созылған некеден кейін ажырасуға бел буды. Бұл туралы Билл мен Мелинданың Twitter-дегі парақшаларындағы жазбалардан белгілі болып отыр.

Біз қарым-қатынасымыз туралы көп ойлана келе некемізді тоқтату туралы шешім қабылдадық. 27 жыл ішінде біз үш керемет бала тәрбиелеп, бүкіл әлемде жұмыс ітсейтін әрі барлық адамға салауатты және тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін қор құрдық.

делінген мәлімдемеде.

Десе де Билл мен Мелинда Билл мен Мелинда Гейтс қайырымдылық қорында бірге жұмыс істей беретінін алға тартты. MarketWatch мәліметі бойынша Билл мен Мелинда 1987 жылы танысқан. Ол кезде Мелинда Microsoft корпорациясында менеджер болып жұмыс істейді.

Олар жеті жылдан кейін некелерін қияды. Той Гавайиде өтеді. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар: Дженнифер Катарин Гейтс, Рори Джон Гейтс және Фиби Адель Гейтс.

Билл Гейтстің мүлкі 100 миллиард доллардан асады. Билл және Мелинда Гейтстің қоры 2000 жылы құрылды және 50,7 миллиард доллар активімен АҚШ-тағы ең ірі жеке қор болып саналады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров