Қазақстан
9 өңір «қызыл аймақта» тұр


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Қызыл" аймақта — Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Жамбыл облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта — Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстары тұр.
"Жасыл" аймаққа — Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Бөлісу